Гүлнәр Кендірбайдың ұлы дала тарихына арналған кітабы жарық көрді

20 Қаңтар 2021, 21:46
2284
Бөлісу:
Гүлнәр Кендірбайдың ұлы дала тарихына арналған кітабы жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар қоры» РҚБ және Колумбия университеті Гарриман институтының (Нью-Йорк, АҚШ) қолдауымен Гүлнәр Кендірбайдың Ұлы дала тарихына арналған кітабының тұсаукесерін өткізді.

Кітап   «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан 19 ғасырға дейінгі Еуразияда үстемдік жүргізудің ресейлік тәжірибесі: шекара билігінің динамикасы») деп аталады.

Алқалы жиын тізгінін Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресі төрағасының орынбасары, т.ғ.д.профессор Бүркітбай Аяған ұстады. Ғалымның ғылым жолындағы әріптестері тарих ғылымдарының докторы «Отандастар қоры» КеАҚ Президентінің қеңесшісі, жобалар үйлестірушісі Қалыбек Қобландин, Түркиядағы Қазақ қауымдастығының өкілі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдуақап Қара, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Моңғолия Ғылым Академиясы Халықаралық қатынастар институтының ғылыми кеңесшісі Кұрметхан Мұхамедиұлы жеке-жеке сөз алып ғалымның еңбегіне жоғары баға берді.

Монографияның құндылығын арттыратын өзге факторлар да жетіп артылады. Мәслен, аталмыш туындысын жазу үшін, профессор Гүлнар Кендірбай 1033 ғылыми дерек көздерін терең зерттеп-зерделеген. Сосын, әлгі дереккөздерінің басым көпшілігі шет тілдерінде жарық көрген, сондықтан да оларға кез келген қазақ тілді тарихшының тісі бата бермейді. Бірақ ең бастысы, олардың бәрі де қазақ тарихы үшін ауадай қажет объктивті шындыққа негізделген туындылар, - дейді профессор Әділ Ахметов. 

Автордың ғылыми ізденістері мәдени антропология, көшпенділік, Ислам мәселелері,  Ресейдің, бұрынғы Кеңес Одағы және Орталық Азияның әлеуметтік және зияткерлік тарихын қамтиды.

Айта кетейік, Гүлнәр Кендірбай – Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) Колумбия университетінің Гарриман институтының профессоры. Оның ғылыми ізденістері мәдени антропология, көшпенділік, Ислам мәселелері,  Ресейдің, бұрынғы Кеңес Одағының және Орталық Азияның әлеуметтік және зияткерлік тарихына байланысты. 1979 жылы Ресейдегі М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетін үздік бітірген. Оқуды тәмамдаған соң тарихшы Венгрия мен Германияда білімін одан әрі жетілдірген. Кейін осы қос университеттің фольклор факультетінде философия докторы атағы бойынша екі диссертация қорғады: Этвеш-Лоранда (1987 ж., Будапешт, Венгрия) және Тюбинген университетінің Шығыс Еуропа институтында (2003 ж., Германия).

Өзгелердің жаңалығы