Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!

8 Тамыз 2022, 21:11
2111
Бөлісу:
Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы Алтынсарин ауданында «Ауыл» ХДПП ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанға – Жаңа ауыл» республикалық жобасы аясында көшпелі кездесуі өтті, деп хабарлайды Қостанайдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталмыш жиын барысында, партия төрағасының орынбасарлары Қайрат Айтуғанов пен Валентин Хаданович, «Ауыл» партиясының облыстық филиалдың саяси кеңес мүшелері Темірқазық, Омар Шипина, Танабаевка мен Димитрова ауылдарына арнайы ат басын бұрып, тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында  аталған елді мекендердің өзекті әлеуметтік-экономикалық жағдайы зерделеріп, даму жолдарын айқындады.

Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!

Қазір баршамызға мәлім, еліміздің кез келген ауылында халықтың табысы төмен. Көлік инфрақұрылымы туралы айтудың өзі ұят. Сондықтан да ауылдағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салалары ақсап тұр. Бұл жағдай ел басшылығын алаңдатпай қоймайды, өйткені ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, ел аймақтарының өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуге, аграрлық сектордың экспорттық әлеуетіне, экономиканың тепе-теңдігіне, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты ауылдық елді мекендердің қордаланған мәселелерін жан-жақты сараптап, оларды шешу жолын, алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен тетіктерін іздестіру қажеттілігі туындап отыр, – дейді «Ауыл» ХДПП Қостанай облыстық филиалының төрағасы Сәбит Исмұратов. 

Алтынсарин ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен жүздесу барысында «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов өткен сәуір айындағы партияның саяси кеңесінде қабылданған «Жаңа Қазақстанға – жаңа ауыл» жобасы туралы баяндап берді.

Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!

Бұл жобаның өзі айтып тұрғандай, 30 жыл ішінде құрдымға кеткен ауылдық жерлерді дамытудың жаңа үлгілерін іздестіріп, қолданысқа енгізу. Осы орайда айта кеткен жөн, мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамалары біздің партия тарапынан қолдау тапты. Соның нәтижесінде дайындалған  тұжырымдаманы тиянақты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасын қолдау. Қазіргі таңда партия басшылығы партия белсенділерінің, депутаттардың, меценаттардың қатысуымен және еліміздің барлық өңірлерін қамтитын іс-шаралар кешенін әзірледі. Жоспарланған іс-шаралар ауылды дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Қайрат Қапарұлы өз сөзінде.

«Ауыл» ХДПП басшылығының Алтынсарин ауданына жасаған іс сапарының қорытындысы «Ауыл» ХДПП Қостанай облысы бойынша филиалының ғимаратында онлайн ұйымдастырылған конференцияда талқыланды.

Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!

Конференция жұмысына онлайн форматта қатысқан «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков өзекті мәселелерді тереңнен қозғады.

«Ауыл партиясы» болашағы жоқ ауыл» деген ұғымға түбегейлі қарсы. Себебі кез келген ауылдың тарихы, көрікті жер, табиғи байлықтарымен біз үшін аса қымбат. Әр ауыл кең байтақ еліміздің ажырамас бөлігі. Сондықтан ауылдардың жойылып кетуіне жол бермеуіміз керек, – деді Төлеутай Сатайұлы.

Жиында «Ауыл» партиясынан Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Ғайния Есеева Қостанай облысы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндады. Депутат кейбір аудандарда бағдарлама аясында атқарылған жұмыстардың талапқа сай емес тұстары бар екеніне тоқталды.

Конференцияға Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы бойынша партияның облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ Алтынсарин ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы