Гүл саудасы қызған шақ

2 Наурыз 2023, 19:30
1788
Бөлісу:
Гүл саудасы қызған шақ
Фото: zakazbuketov.kz

Бірер күннен соң көктемнің басты мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні тойланады. Нәзік жанды арулар осы мерекені асыға күтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған орай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде сырт елдерден гүлдерді әкелуге байланысты қызықты деректермен бөлісті. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген, оның құны 9,5 млн АҚШ долларына тең (анықтама: есептеу барысында 2023 жылғы ақпан айының жедел ақпараты ескерілді). 

Сұранысы ең жоғары – раушан гүлдері: салмағы 799 тонна немесе 18 миллион дана гүл талы әкелінген, құны - 5,8 миллион АҚШ долларына жуық. Екінші орында – хризантемалар (салмағы - 134 тонна немесе 2,4 млн.дана гүл талы, құны 1,3 млн. АҚШ доллары), үшінші орында – қалампыр (салмағы - 31 тонна немесе 922,7 мың дана гүл талы, құны 161 мың АҚШ доллары). 

Сонымен қатар, лалагүл де жоғары сұранысқа ие, оны 35 тонна салмағымен 192 мың АҚШ долларына әкелген, басқа да жаңа кесілген гүлдер (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум,  гипсофила, финикс,  ирис,  гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер) салмағы 376,8 тонна, құны 2,2 млн. АҚШ долларына әкелінген. 

Ағымдағы жылы гүлдер негізінен Эквадор (769 тонна), Нидерланды (268 тонна), Колумбия (137 тонна), Кения (108 тонна), Израиль (16 тонна), Өзбекстан (14 тонна), Қытай (13 тонна) және Түркия (6 тонна) елдерінен әкелінген. 

Өткен жылы да раушан гүлдері жоғары сұраныста болған, әкелінген раушан гүлінің салмағы 726,1 тонна немесе 17,4 млн.дана гүл талы, құны 6,1 млн. АҚШ долларына тең. Хризантема гүлі (салмағы – 90,1 тонна немесе 1,5 млн. дана гүл талы, құны 768,3 мың АҚШ доллары), қалампыр гүлі (салмағы - 27,8 тонна немесе 844,4 мың дана гүл талы, құны 175,5 мың АҚШ доллары) де көптеп импортталған. Өткен 2022 жылы Қазақстанға сырттан салмағы 6 690 тонна, құны 46,7 млн. АҚШ долларын құрайтын гүлдер әкелінген, - деп хабарлайды ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі.

Салыстыру үшін атап өтсек, өткен 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға сырттан салмағы 1 059,4 тонна немесе 20,7 млн. дана гүл талы, құны 8,3 млн. АҚШ долларын құрайтын гүлдер әкелінген. 

Өткен 2022 жылы қазақстандық раушан гүлдері Өзбекстанда сұранысқа ие болып, барлығы 25 тонна, құны 94 мың АҚШ долларын құрайтын гүлдер экспортталған.

Өзгелердің жаңалығы