Грузиядағы қазақстандықтар президент сайлауында дауыс берді

10 Маусым 2019, 10:26
1829
Бөлісу:
Грузиядағы қазақстандықтар президент сайлауында дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тбилисиде орналасқан №277 сайлау учаскесінде 93 отандасымыз дауыс берді, деп хабарлады «Хабар 24». 

Сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00 ден кешкі 20:00-ге жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта сайлау комиссиясы дауыстарды санап, қорытынды жасап қойды. 

Тбилисидегі учаскеге дауыс беру үшін барлығы 112 Қазақстан азаматы тіркелген. Сайлауға оның 93-і келді. 

Сайлау қорытындысы бойынша оның 57-сі Қасым-Жомарт Тоқаевқа, 23-і Әміржан Қосановқа таңдау жасаған. Ал, 4 адам Дания Еспаеваға, бір азамат Жамбыл Ахметбековке, тағы бірі Сәдібек Түгелге өз дауысын берген. 

«Барлығына қарсымын» нұсқасын 1 азамат таңдапты. 


Өзгелердің жаңалығы