Грузияда көшкіннен сегіз адам қаза тапты

8 Ақпан 2024, 03:17
501
Бөлісу:
Грузияда көшкіннен сегіз адам қаза тапты
Фото: www.interpressnews.ge

Грузияның батысында көшкін жүріп, сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Interpressnews агенттігіне сілтеме жасап.

Табиғи апат Багдат муниципалитетіндегі Нергеети ауылында болған. Тағы бір адамның денесі іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Көшкін жүрген соң 4 тұрғын үй жердің астында қалған. Құтқарушылар бір адамды құтқарып үлгерген. Өкінішке қарай, 3 адамның мәйіті табылды. 6 адам із-түзсіз кеткендер қатарында. Кейінірек 5 құрбанның денесі үйінді астынан шығарылды.

Грузияда ауа райы сейсенбі күні күрт бұзылған. Елдің батысында, сондай-ақ таулы өлкелерде қар көп жауғандықтан жолдарды басып қалған.

Аджария аймағының биік таулы бөлігінде де сел жүріп, екі адам қайтыс болды. Ауа райының бұзылуы салдарынан теміржол да қалааралық пойыздардың қозғалысын уақытша тоқтатты.

Өзгелердің жаңалығы