Грузияда «Әлем суреті» халықаралық арт-жобасының көрмесі өтті

31 Қазан 2023, 23:21
727
Бөлісу:
Грузияда «Әлем суреті» халықаралық арт-жобасының көрмесі өтті
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Димитрий Шеварднадзе атындағы Грузия ұлттық галереясында Республика күнін мерекелеу аясында «Әлем суреті» картинасының көрмесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин көрмені ашу рәсіміндегі өз сөзінде картинаның адамдарды, ұлттар мен елдерді біріктіру жөніндегі идеясы Қазақстанның әділ бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік туралы бастамасына сәйкес келетінін атап өтті.

Арт-жоба идеясының авторлары Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева халықтарды, конфессиялар мен ұлттарды біріктіруге бағытталған картинаның негізгі миссиясы туралы айтып берді, сондай-ақ жобаның өмірге келу тарихы туралы фильм көрсетілді.

Қонақтар алдыңда «Geo Folk Tour» музыкалық ұжымы өнер көрсетіп, грузиндік көп дауыспен орындалған Абайдың «Көзімнің қарасы» әні ерекше қуанышқа бөледі.

Қазіргі уақытта картинаға әлемнің 197 елінен 2050-ден астам адам өз суреттерін салған. Грузиядан Нино Комладзе мен Нино Окуджава өз іздерін қалдырған. Суреттің ұзындығы 4, ал ені 1,27 метр – бұл жердің кішірейтілген параметрлері. «Әлем суреті» Гиннестің рекордтар кітабына планетаның көптеген адамдары қатысқан супер жоба ретінде кірген.

Грузияның ұлттық галереясы өнер сүйер қауымның сүйікті орны болып табылады, сондықтан осы күндер ішінде әлеуметтік өнер жобасын картиналар мұражайына келген көптеген келушілер, соның ішінде шетелдік қонақтар тамашалады.

Өзгелердің жаңалығы