Гроссмейстер туристік сала өкілдерімен бірсеанстық ойын өткізді

15 Шілде 2022, 22:34
955
Бөлісу:
Гроссмейстер туристік сала өкілдерімен бірсеанстық ойын өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілде – Халықаралық шахмат күні. Атаулы датаға орай, «Visit Shymkent» орталығы туристік индустрия өкілдерінің арасында  шахматтан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаевамен бірсеанстық ойын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты - «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін дамыту әрі туристік сала өкілдерінің интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын арттыру.

Гроссмейстер туристік сала өкілдерімен бірсеанстық ойын өткізді

«Visit Shymkent» орталығының басшысы – Ерлан Умаров:

«Visit Shymkent» орталығының бастамасымен өтіп отырған шараға жалпы саны 15-ге жуық туристік  индустрия өкілдері, яғни қонақ үй, туроператорлар, турагенттер және гид- экскурсовод өкілдері қатысып отыр. 
Жалпы, қазіргі таңда үшінші мегаполистің туристік әлеуетін арттыру үшін 37 мыңдай адам қызмет етуде. Біздің мақсат- сала қызметкерлері арасында өзара байланысты нығайту.

Гроссмейстер туристік сала өкілдерімен бірсеанстық ойын өткізді

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында шахматтың қарқынды дамуына барлық мүмкіндіктер бар. Қала мектептерінде шахмат арнайы пән ретінде енгізілген. Сондай-ақ 2021 жылы  «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында шахматтан 8-18 жастағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты үшінші мегаполисте өткен болатын.

Үш сағаттан аса жалғасқан сайысқа жалпы саны 12 ойыншы қатысты. Нәтижесінде 11-ін жеңіп, 1 қатысушымен тең ойнады. Айта кетейік, ойыншылар қатарында спорт шеберлігіне үміткерлер де болды. Ал интеллектуалды ойында белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы “Visit Shymkent” орталығы атынан алғыс хаттар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы