Грецияда жағажайлар ашыла бастады

16 Мамыр 2020, 13:03
1434
Бөлісу:
Грецияда жағажайлар ашыла бастады

Алматы, BAQ.KZ. Грецияда сенбі күні ауа райының 30 градусқа дейін көтерілуіне байланысты кейбір жағажай ашыла бастады. Екі ай бұрын коронавирус пандемиясына байланысты жабылған жағажайлар енді жаңа ереже бойынша жұмыс істейді.

Ел билігі ашылып жатқан жағажайлар туризмді қайта қалпына келтірудегі алғашқы сынақ болатынын айтты.

Бұған дейін елде 1 маусымнан бастап қана суда шомылуға рұқсат берілетіні айтылған, алайда елде күннің ысуына байланысты жоспар өзгерген. Сондай-ақ, елдегі эпидемиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты арнайы ұйымдастырылған жағажайды ашу туралы шешім қабылданған.

Жұмысын қайта бастаған жағажайлардың бәрі қатаң бақылауға алынып, мың шаршы метрге тек 40 адамнан жіберіледі. Сонымен қатар, жағажайдағы шатырлар арасы 4 метр болу керек.

Өзгелердің жаңалығы