Гренландияда бір күнде 2 млрд тонна мұздық еріді

19 Маусым 2019, 10:52
3187
Бөлісу:
Гренландияда бір күнде 2 млрд тонна мұздық еріді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жыл мұз құрсауының еру қарқыны бойынша рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін. Бұл туралы Svenska Dagbladet швед газеті хабарлады. 

Басылымның мәліметтері бойынша, 13 маусымдағы жағдай бойынша күннің жылынуы Гренландия аумағының 40% - да болды. Осылайша, зерттеушілердің есептеуінше, жылы маусымның басында бір күн ішінде теңізге 2 текше шақырымнан астам тұщы мұз суы кеткен. Дат автономиясының барлық алаңында осындай жағдай тіркелген. Желіде су үстімен келе жатқан ит жеккен шананың суреті тез арада тарап кетті.

Жаһандық жылынудан хабар беретін суретті Дат метеорологиялық институтының арктикалық климаты бойынша маманы Стеффен Малскаэр суретке түсіріп алған. Күннің жылынуына байланысты мұздықтарда жарықтар пайда болып, нәтижесінде су оның бетін басып қалған.

Естеріңізге сала кетейік, Гренландиядағы мұздықтардың еруіне қатысты зерттеулер өткен ғасырдың 70-ші жылдары жүргізілген болатын. 90-шы жылдарға дейін ғалымдар елеулі өзгерістер байқамаған. Алайда, кейіннен мұздың еруі ұлғайып, олардың ең рекордты көрсеткіші 2007, 2010 және 2012 жылдары тіркелді.

Стокгольм университетінің метеорология профессоры Гунилла Свенссон мәліметтері бойынша, соңғы жылдары мұздың еруі Гренландияның орталық бөлігіне көбірек әсер етіп отыр.

Бұл мамандардың ерекше алаңдауын тудыруда. Ғалымдардың айтуынша, теңіз аралына келетін тұщы су үлкен қауіп тудырады. Оның жалпы климат, теңіз флорасы мен фаунасына келтірер залалы орасан зор болуы мүмкін дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы