Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гренландиядағы мұз жамылғысы қарқынды ери бастады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір тәулікте 10 млрд тоннадан астам мұз еріді, деп хабарлайды 24.kz.
Салыстыру үшін айтатын болсақ, бұл көлем 4,4 млн олимпиада бассейінімен тең. Ал шілде айында онда 197 миллиард тонна мұз суға айналды. Даниядағы метеорологиялық институттың мәліметі осындай.Жалпы, аптап ыстық Еуропаға өткен аптада басталып, қазір Арктикаға қарай бет алды. Осыған орай климатқа байланысты үлкен өзгерістер орын алуда. Мамандар бұның салдары бүкіл ғаламшар үшін проблема болайын деп тұр дабыл қағуда.