Сыртқы істер министрлінің ресми өкілі Айбек Смадияров Грекияның Гидра аралында болған өртке қазақстандықтардың қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айбек Смадияровтың сөзінше, қазақстандық консул оқиғадан соң бірден Грекия билігіне хабарласқан.
Бұл ақпарат жарияланғаннан кейін Қазақстан консулы осы оқиға бойынша Грекия билігіне хабарласты. Полиция ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін және оларға да ешқандай шағым түсірілмегенін айтты, - деді Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін Грекия БАҚ-тары Қазақстаннан келген туристер Гидра аралында отшашу ұйымдастырғанын, салдарынан орман өртенгенін жазған.