Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зардап шеккендер мен келген шығын туралы мәлімет жоқ. Бірақ БАҚ аралда эвакуациялық шаралары туралы ақпарат таратып жатыр.
Бүгін Грекияда Крит аралының маңында магнитудасы 6 балл болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы korrespondent.net агенттігі Ekathimerini басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Крит аралының жағалауында магнитудасы 6 балл болатын ірі жер сілкінісі болды, - делінген хабарламада.
Табиғи апат сәрсенбі күні – 27 қараша таңертең тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Хана қаласынан 74 шақырым жерде тереңдігі 56 км болды.
Жер сілкінісі Аттика және Пелопоннес қалаларында да сезілді.