Грекия іскерлік миссиясы Қазақстанға келуі мүмкін

19 Сәуір 2022, 23:15
2147
Бөлісу:
Грекия іскерлік миссиясы Қазақстанға келуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев пен Грекияның Даму және инвестициялар министрі Адонис Георгиадистің өткізген кездесуі барысында екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында биыл Грекияның іскерлік миссиясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Мұнымен қоса, Грекияның Даму және инвестициялар министрі өз елінің іскер топтары өкілдерінің делегациясын басқаруға дайын екендігін білдірді.

Оның пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанның рөлі оның маңызды геостратегиялық орналасуына орай артып келеді. Осы тұрғыда А.Георгиадис Еуразиядағы сенімді серіктес ретінде Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Министр Қазақстанның Грекия үшін жаһандық энергетикалық аренадағы негізгі субъект ретінде ғана емес, экономикасын әртараптандыру бойынша реформаларды жүргізіп жатқан ел ретінде де қызықты екенін мәлім етті.

Өз кезегінде Қазақстан елшісі сұхбаттасын «Жаңа Қазақстан» стратегиясымен және елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы