Грантқа үміткерлерден құжаттар қашан қабылданады

20 Шілде 2023, 12:33
1101
Бөлісу:
Грантқа үміткерлерден құжаттар қашан қабылданады
Фото: BAQ.KZ - архив

Елордада мемлекеттік білім беру грантына үміткерлерден университетке түсу үшін құжаттар қашан қабылданатыны білгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Еламанов айтты.

2026 жылға дейін Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірген 4 061 түлектің 2 435-і мектептерге жұмысқа орналасады. Қалған 40 пайызға жуығы, яғни 1626 адам бакалавриатта оқуын жалғастырады. Биыл да Астана қаласының әкімдігі бұл жұмысты жалғастырып отыр, - деді ол.

Нариман Еламановтың сөзінше, 2023-2027 оқу жылына Астана қаласының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1084 білім грантын бөлді.

ҰБТ тапсырып, «Педагогика ғылымдары» мамандығы бойынша кемінде 75 балл жинаған талапкерлер педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Мемлекеттік білім беру грантына үміткерлерден университеттің құжаттарын қабылдау биылғы 5-15 тамыз аралығында жүзеге асады. Одан кейін университет талапкерлердің тізімдерін (қажет болған жағдайда құжаттарын) Астана қаласының Білім басқармасына жолдайды, Астана қаласының жергілікті атқарушы органының комиссиясы 2023 жылдың 16 тамыз бен 21 тамыз аралығында талапкерлердің тізімдерін қарайды, - деп түсіндірді ол брифингте.

Өзгелердің жаңалығы