Grand Slam-ге қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

22 Маусым 2023, 08:43
742
Бөлісу:
Grand Slam-ге қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

23-25 маусым аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатырда дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, айтулы додада бақ сынайтын ел құрамасы анықталды.

Ұланбатырдағы жарыста Қазақстаннан 17 спортшы ел намысын қорғайды.

Ерлер:

  1. Нұрқанат Серікбаев (-60кг)
  2. Шерзод Давлатов (-60кг)
  3. Ғұмар Қырғызбаев (-66кг)
  4. Ғұсман Қырғызбаев (-66кг)
  5. Данияр Шамшаев (-73кг)
  6. Жансай Смағұлов (-73кг)
  7. Руслан Мұсаев (-81кг)
  8. Абылайхан Жұбаназар (-81кг)
  9. Ермахан Әнуарбеков (-90кг)
  10. Аян Байғазы (-90кг)
  11. Нұрлыхан Шархан (-100кг)
  12. Бекзат Шағатаев (-100кг)
  13. Әділ Оразбаев (+100кг)
  14. Нұрсұлтан Қаблан (+100кг).

Әйелдер:

  1. Ғалия Тынбаева (-48 кг)
  2. Аруна Жангелдина (-78 кг)
  3. Кәмила Берліқаш (+78 кг).

Аталған додаға 45 елден 350 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Сайыс қорытындысында IJF ережелеріне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлемдік және олимпиадалық рейтингтер ұпайына ие болады.

Атап айтқанда, чемпиондарға 1000, күміс жүлдегерге – 700, ал 3-орын үшін 500 ұпайдан беріледі.

Өзгелердің жаңалығы