Гонконг компаниясы Павлодар облысында мыс өндіруге қызығушылық танытуда

27 Тамыз 2020, 23:21
1212
Бөлісу:
Гонконг компаниясы Павлодар облысында мыс өндіруге қызығушылық танытуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде мыс кластерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Еліміз 2019 жылы 443 мың тонна өңделмеген мыс экспорттаған. Оның құны 2,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. Өндірілетін мыстың 7 пайызы ғана елімізде қалады. Біз осы бағытта Гонконгтағы жоғары сапалы мыс өндіретін компаниямен келіссөз жүргізудеміз. Инвестор компьютерлік техникалар үшін мыс өндіруге қызығушылық танытып отыр. Ол жылына 30 мың тонна мыс өндіре алады, - деді облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген отырыста "Павлодар арнайы экономикалық аймағы" басқарма төрағасы Әлібек Несіпбеков.


Сондай-ақ, ол аймаққа инвестиция тартуды арттыру мақсатында қатысушылардың мәселесін уақтылы шешу бойынша жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

Мысалы, Evooil Kazakhstan компаниясы 3 жыл бойы Ресейден майлау материалдарын шығару үшін шикізат әкеле алмаған. Бұған үкіметаралық келісім бөгет болған. Компания шикізатты Еуропадан 80 пайызға қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болды. Біз Ресейден шикізатты жеткізу мәселесін шештік. Ол инвестордың екінші кезектегі 5,5 млрд теңгелік жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Инвестор үшін жұмыс жасап тұрған инфрақұрылым маңызды. АЭА құрылғалы бері 14 инфрақұрылым нысаны салынған. Биыл тағы 5 нысанның жұмысы аяқталды, - деп атап өтті Әлібек Несіпбеков.


Өзгелердің жаңалығы