Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды

19 Наурыз 2021, 03:25
3550
Бөлісу:
Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы орта дивизионда WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) болуы ықтимал. Екі тарап белебулер біріктірілетін жекпе-жек туралы келіссөз бастағаны хабарланған.

Бұл жайында Fino Boxing басылымына мексикалық Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) промоутері Фернандо Бельтран мәлімдеді.

Головкин жапониялықпен жұдырықтасқысы келеді. Иә, ол да чемпион, бұл үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін, – дейді Бельтран.

Головкин бұған дейін Мунгиямен 7 мамырда жекпе-жек өткізетіні туралы  хабарланған болатын. Дегенмен кейін, мексикалық бұл ойынан бас тартып, сәуірде басқа қарсыласпен жұдырықтасатыны белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы