Головкиннің келесі жекпе-жегінің жаңа уақыты айтылды

24 Қазан 2020, 20:52
1611
Бөлісу:
Головкиннің келесі жекпе-жегінің жаңа уақыты айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері, Matchroom Boxing промоутерлік компанияның басшысы Эдди Хирн GGG-дің 2020 жылы жекпе-жегі өтетініне үміт қалмағанын мәлім етті.

Геннадийдің міндетті қарсыласы Польша боксшысы Камил Шеремета болуы тиіс. Бұған дейін жекпе-жек 20 қараша күні өтетіні хабарланған еді. Алайда, Шереметаның жаттықтырушысы Федор Лапин айқас күні кезекті рет ауыстырылатынын мәлімдеді.

Эдди Хирн кездесу осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтуі мүмкін екендігін айтуда.

 

Ия, Геннадий рингке 2020 жылы қайтып оралуды көздеп отыр деп ойлаймын. DAZN-нан жекпе-жектер кестесін қарастыру керек. DAZN бұл жекпе-жек (Головкин-Шеремета) қомақты ақша төлеп отыр және оның қашан өткізілетінін олар шешеді. Геннадий Головкин 2019 жылдың қазан айынан бері жұдырықтасқан жоқ. Көп уақыт болды. Қазіргі кезде GGG мансабында бастысы – Синко де Майода «Канеломен» үлкен жекпе-жектің өтуін қамтамасыз ету. Сондықтан, егер Геннадий желтоқсан не қаңтар айында жұдырықтасса және Шереметаны таза жеңсе, бірден «Канеломен» үшінші жекпе-жекке өтетініне үміттенеміз. Кез келген боксшы үшін 2020 жылы бірде-бір жекпе-жектің болмауы – үлкен соққы, - деді Хирн SI Boxing-қа берген сұхбатында. 


 

Өзгелердің жаңалығы