Головкиннің DAZN-мен келісімшарт бойынша рекордтық титулды қорғауының себебі айтылды

19 Желтоқсан 2020, 15:25
1476
Бөлісу:
Головкиннің DAZN-мен келісімшарт бойынша рекордтық титулды қорғауының себебі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) кездесуде өз титулдарын қорғап қалды.

Бұл жекпе-жек кеші АҚШ-та өтіп, Головкиннің техникалық нокаутымен аяқталды. Жетінші раундтан кейін Шеремета жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Головкин титулдарын 21-рет қорғап, атақты Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Шеремета алғаш рет жеңілістің дәмін татты. 

Головкин стримингтік қызмет көрсететін DAZN компаниямен жасалған 6 жекпе-жек өткізу жайлы келісімшарт жасасқаны бар. Әр кездесуіне 15 миллион доллар төленетін болған. Ол бұған дейін осы келісім аясында екі жекпе-жек өткізген. Мынау үшіншісі болуы тиіс еді. Бірақ The Athletic мәліметіне сүйенсек, Головкин мен DAZN Шереметамен кездесуге дейін гонорардың көлемін азайтуға келіскен. Оның үстіне, польшалықпен жекпе-жекті мүлдем санамау жайлы уағдаласқан. Енді GGG келісімшарт аясында әлі 4 кездесу өткізу тиіс.

Өзгелердің жаңалығы