Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді

19 Желтоқсан 2020, 09:01
1529
Бөлісу:
Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы чемпиондық титулдарын 21-ші рет қорғады. Сөйтіп, жаңа рекорд орнатты. 

Бүгін Холливудте (АҚШ-тың Флорида штаты) кәсіпқой бокс кеші аяқталды. Кештің басты жекпе-жегінде IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) мен польшалық Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) кездесуі еді. 

38 жастағы отандасымыздың қарсыласы бірінші және екінші раундттарда-ақ нокаут алды.  

Ал жетінші раундтан кейін Камил Шереметаның бапкерлері боксшысын шаршы алаңға шығарудан бас тартты. 

Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді

Осылайша, Геннадий Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Өзгелердің жаңалығы