Головкиннің 2020 жылы өтетін жекпе-жектері мен қарсыластары жарияланды

30 Сәуір 2020, 10:45
1483
Бөлісу:
Головкиннің 2020 жылы өтетін жекпе-жектері мен қарсыластары жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Matchroom Boxing промоутері және DAZN платформасының жетекшісі Эдди Хирн Сауль Альварес пен Геннадий Головкинді биыл рингте тағы екі рет көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біз Головкиннің Шереметамен, ал "Канелоның" Сондерспен жұдырықтасқанын қалаймыз. Бұл жекпе-жектер тамыз немесе қыркүйек айларында өтуі мүмкін, содан кейін желтоқсан айында осы жекпе-жектердің жеңімпаздары төбелеседі, - деді Хирн.

Еске сала кетейік, басында Головкин IBF міндетті бәсекелесі Камил Шереметамен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған, ал "Канело" Билли Джо Сондерспен кездесуі керек еді. Головкин-Канело трилогиясы қыркүйекте болады деп жоспарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы