Головкин жеңісті шайқастың шаршы алаң сыртындағы әсерлі сәттерін көрсетті

7 Қазан 2019, 12:53
2037
Бөлісу:
Головкин жеңісті шайқастың шаршы алаң сыртындағы әсерлі сәттерін көрсетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. GGG алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді. 

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) өзінің ресми YouTube-каналында украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) өткен жекпе-жекке арналған бейнеролик жариялады. 


Роликте шаршы алаң сыртындағы көріністер мен ең әсерлі сәттер көрсетілген.

Кәсіби рингтегі 40-жеңісті алып келген жекпе-жек 6 қазан күні таңертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden (АҚШ) аренасында өтті. 12 раундқа созылған шайқастың нәтижесінде судьялардың шешімімен Головкин жеңіске жетті. Оның үстіне, Деревянченко бірінші раундта-ақ нокдаунға түсті.

Осылайша, қазақстандық орта салмақтағы IBF және IBO титулдарын өзіне қайтарып алды және екінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Өзгелердің жаңалығы