Бапкер: Головкин жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүр. Рингте қарсыласын шығарыңдар

20 Мамыр 2021, 07:25
1577
Бөлісу:
Бапкер: Головкин жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүр. Рингте қарсыласын шығарыңдар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстандық Геннадий Головкин алдағы уақытта кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы оның бапкері Джонатон Бэнкс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Геннадий Головкин жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүр. Мен де оның жекпе-жегін күтіп жүрмін. Маған оның кіммен жұдырықтасатыны маңызды емес, тек қарсылас табылғанын қалаймын. Triple G кіммен жұдырықтассам да бәрібір, келісімшарт жасасайық деді. Рингте қарсыласын шығарыңдар. Оның қалайтыны сол ғана, – деді Бэнкс ESNEWS-ке.
Еске салайық, Головкин кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны нокаутпен жеңген болатын. Бүгінде ол IBF және IBO титулдарының иегері. 
Өзгелердің жаңалығы