Головкин зейнетке шығуы мүмкін

12 Наурыз 2023, 11:55
1014
Бөлісу:
Головкин зейнетке шығуы мүмкін
Фото: egemen.kz

Журналист Райан О ' Хара қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мансабын жалғастыру мүмкіндігі туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Fightnights.com тілшісі өзінің твиттер парақшасында Геннадийге қатысты пікір білдірді. 

Геннадий Головкин қайтадан жұдырықтасса, ол 168 фунт салмақ дәрежесінде күресетінін айтты. Зейнетке шығу да мүмкін. Ол әлі шешім қабылдаған жоқ, - деп жазды О'Хара Твиттерде.

Головкин WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан бас тартқан болатын. Қазіргі уақытта боксшыда тек  IBO титулы бар.
Сондай-ақ Геннадий өзінің соңғы жекпе-жегін мексикалық Сауль Канело Альвареспен өткізген. 

Өзгелердің жаңалығы