Головкин XXI ғасырдың үздік спортшылары қатарына енді

6 Маусым 2020, 18:10
1796
Бөлісу:
Головкин XXI ғасырдың үздік спортшылары қатарына енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Marca басылымы XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының тізімін жасады. Геннадий Головкинге рейтингіде 77 орын бұйырыпты. Қазақстандық боксшы рейтингіде теннисші Стэн Вавринка, футболшы Лука Модрич, футзалшы Фалькао және боксшы Владимир Кличконың алдын орап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мансабында 40 жекпе-жекте жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, біреуінде ұтылған. Сондай-ақ қазақстандық боксшы WBC мен WBA Super белбеулерін иемденген. Қазір оған IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеуі тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы