Головкин – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион

3 Мамыр 2022, 23:17
1265
Бөлісу:
Головкин – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкинге бұл мәртебе ұйымның сәуірде жаңартылған рейтингінде берілген. Өткен айда қазақстандық боксшы жапон Риота Муратаны нокаутқа түсірген. Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтті.

Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы – кубалық Эрисланди Лара. Рейтингте ұлыбританиялық кіші Крис Юбенк көш бастап тұр, мексикалық Хайме Мунгия екінші, аргентиналық Серхио Мартинес үшінші орында.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы жетінші орында.

Өзгелердің жаңалығы