Головкин шаршы алаң сыртындағы видеомен бөлісті

20 Қыркүйек 2022, 09:45
1447
Бөлісу:
Головкин шаршы алаң сыртындағы видеомен бөлісті
VIDEO

Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес арасындағы трилогиясы күні шаршы алаң сыртында түсірілген  видеоны спортшы өзінің YouТube каналына жүктеген екен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Онда негізгі сәттер көрсетілген. Оның ішінде жанкүйерлердің пікірлері, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алдындағы жекпе-жекке дейінгі атмосфера, GGG-дің рингке шығар алдындағы дайындығы, жекпе-жектің  хайлайты, сондай-ақ жекпе-жектен кейінгі болған сәттерінен үзінді жарияланған екен.

Еске сала кетсек, мексикалық Сауль «Канело» Альварес төрешілер шешімімен Генадий Головкинді жеңді. Осылайша «Канело» екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулерін, абсолют чемпион атағын қорғап қалды. Головкинге тиесілі орта салмақтағы IBO, IBA және WBA белбеулері сарапқа салынбаған, сондықтан бұл титулдар GGG еншісінде қалды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы