Головкин шаршы алаңға қашан шығады

23 Желтоқсан 2019, 16:06
3728
Бөлісу:
Головкин шаршы алаңға қашан шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандықтың шаршы алаңға қашан оралатынын айтты жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

IBF польшалық боксшы Камил Шереметаны қазақстандыққа тиесілі белбеу үшін міндетті үміткер деп атады. Бұрын хабарланғандай, тараптар жекпе-жектің барлық егжей-тегжейін талқылап болған, енді жекпе-жектің өтетін күнін таңдау ғана қалды.

Головкин Шереметамен наурыздың соңында, дәлірек айтқанда 28-наурызда кездесуі ықтимал, - деді Хирн Bokser.org-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, GGG 5 қазанда украиндық Сергей Деревянченкомен болған жекпе-жекте екі әлем чемпионы белбеуін жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы