Головкин-Роллс андеркартын тағы 4 боксшы толықтырды

27 Мамыр 2019, 14:36
1410
Бөлісу:
Головкин-Роллс андеркартын тағы 4 боксшы толықтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жұдырықтасатын 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кеші тағы төрт қатысушымен толықты, деп хабарланды Vesti.kz сайтында.

BoxRec.com ақпаратынша, бұл шоу андеркартында қазақстандық нокаутшы Бахтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) америкалық Брайан Себальомен (8-0, 4 КО) сегіз раундты жекпе-жек өткізеді.

Бастапқыда Эюбов 27 сәуір Луизианада жұдырықтасу керек болатын, бірақ, салмақ өлшеуден өте алмады.

Кард тізімінде "Құбыжық" атанып кеткен өзбекстандық Исраил Мадримов (2-0, 2 КО) те бар, оның қарсыласы кейін анықталады.

Мадримов қазақстандық бокс сүйер қауымға белгілі екенін айта кету керек. Сәуірде өткен Азия чемпионатының 1/4 финалында ол жарыс чемпионы атанған Тұрсынбай Құлахметтен (75 келіге дейін) жеңілген болатын.

Сонымен қатар, Кардтың тағы бір жұбы белгілі – жартылай орта салмақта жұдырықтасатын америкалық Джонатан Арройо (3-0-1, 1 КО) және Джордан Моралес (3-7, 2 КО). Боксшылар төрт раундтық кездесу өткізеді. 

Мұнымен қоса көрермендер Чарльз Конуэлл (9-0, 7 КО) – Кортни Пеннингтон (12-3-3, 5 КО), Али Ахмедов (14-0, 10 КО) – Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО) жекпе-жектерін де тамашалай алады. Бұл кеште рингке Никита Абабий (4-0, 4 КО) де шығады, алайда қарсылас әзірге белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы