Головкин өзінің басты жекпе-жегі кіммен өтетінін айтты

14 Қараша 2021, 18:42
758
Бөлісу:
Головкин өзінің басты жекпе-жегі кіммен өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Головкин IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы WBA титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жекке дайындалып жатқанын хабарлады.

Fightnews.info тілшісімен сұхбат барысында қазақстандық боксшы алдағы кездесу карьерасындағы басты жекпе-жектің бірі болатынын атап өтті.
Біріншіден, Мурата WBA тұжырымдамасы бойынша суперчемпион, Олимпиада чемпионы. Ол Жапонияның қаһарманы деп айтуға болады. Оны спортшы әрі адам ретінде қатты сыйлаймын, таныспын. Бұл бокс үшін үлкен оқиға. Карьераның әр кезеңінде басты жекпе-жектер бар. Қазіргі уақытта бұл кездесу мен үшін сондай, - деді Геннадий Головкин.
Ол бар назар алдағы кездесуге аударылғанын атап өтті. 

Бұған дейін қарсыласы Риота Мурата да жекпе-жекке қатысты ойын айтқан болатын.

Головкин - мен құрметтейтін боксшы. Оны жеңіп, орта салмақта ең мықты екенімді дәлелдегім келеді. Кездесу өткізуге келіскені үшін алғыс білдіремін,- деді спортшы.
Риота Мурата - жапониялық кәсіпқой боксшы, орта салмақта (72,6 келіге дейін) өнер көрсетеді. WBA тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион. Мурата 2019 жылдың желтоқсан айында Стивен Батлерді жеңіп, титулын қорғағалы рингке шықпаған.


Өзгелердің жаңалығы