Головкин-Мурата жекпе-жегі басталды

9 Сәуір 2022, 18:07
1381
Бөлісу:
Головкин-Мурата жекпе-жегі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегін өткізу үшін отандасымыз Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) шаршы алаңға шықты. 

Ол шаршы алаң иесі Риота Муратамен (16-2, 13 КО) орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар үшін жұдырықтаспақ. Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде. 

Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталды. Онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы да көрсетіледі.

 Total Sport сайты бұған дейін Геннадий Головкин бұл кештегі жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алатынын жазды. Бұл шамамен 12-15 млн доллар. Еске салсақ, кеше «GGG» 40 жасқа толды. 

Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы