Головкин-Мурата жекпе-жегі 2022 жылдың ең үздік 5 жекпе-жегіне енді

26 Желтоқсан 2022, 20:10
917
Бөлісу:
Головкин-Мурата жекпе-жегі 2022 жылдың ең үздік 5 жекпе-жегіне енді

DAZN стриминг-платформасы 2022 жылы кәсіпқой бокстағы үздік бес жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақ үшін қазақстандық Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата арасындағы кездесу 2022 жылдың 9 сәуірінде Сайтамада (Жапония) өтті. Ең танымал қазақстандық боксшы тоғызыншы раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Ал одан бір күн бұрын GGG өзінің мерейтойын атап өтті. Ол 40 жасқа толды.

2022 жылдың үздік жекпе-жектерінің рейтингіне тағы 4 жекпе-жек кіреді:

  • Сауль Альварес - Дмитрий Бивол,
  • Хуан Франциско Эстрада - Роман Гонсалес,
  • Кэти Тейлор - Аманда Серрано
  • Ли Вуд - Майкл Конлан.

 

Өзгелердің жаңалығы