Головкин мен «Конелоның» үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

3 Наурыз 2022, 07:43
1111
Бөлісу:
Головкин мен «Конелоның» үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырды.

USA Today Sports+ мәліметінше, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек екінші орта салмақ дәрежесінде (168 фунт) өтеді. Бұған дейін Альварес төрт титулды сарапқа салатыны айталған болатын.

Үшінші жекпе-жекке дейін екі боксшы да көктемгі жекпе-жегін сәтті аяқтауы керек: Головкин 9 сәуірде WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы Риота Муратамен, ал «Канело» Дмитрий Биволмен 7 мамырда кездеседі деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы