Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

20 Қыркүйек 2021, 10:47
4570
Бөлісу:
Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (56-1-2, 38 КО) 2022 жылы жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады. 

Головкиннің промоутері Том Леффлердің мәлімдеуінше , қазақстандық боксшы рингке биыл желтоқсан айында оралады. Бірақ қарсыласы әлі ресми хабарланбады. GGG жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) күш сынасуы мүмкін.

Сондай-ақ, Леффлердің сөзінше, Головкин мен Альварес арасындағы трилогия 2022 жылы өтуі мүмкін. 

 

Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы