Головкин мен Канелоның жекпе-жегі желтоқсанда өтуі мүмкін

16 Мамыр 2020, 11:39
1183
Бөлісу:
Головкин мен Канелоның жекпе-жегі желтоқсанда өтуі мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. Matchroom Boxing промоутерлік компанияның басшысы Эдди Хирн екі боксшының қай кезде кездесетіні туралы айтты. Бұл туралы Sports.kz жазды.

 

Головкин келісімшарт бойынша Шереметамен жұдырықтасуы керек. Жекпе-жек тамыз айына жоспарланған. Ал, Альварес қыркүйек айында Билли Джо Сондерспен кездеседі. Кейін екеуі желтоқсан айында Лас-Вегаста жекпе-жек өткізе алар еді, - дейді Эдди Хирн.
 

 

Головкин мен  Альварестің алғашқы жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өткен. Ол кездесу тең аяқталды, екіншісінде төрешілер жеңісті "Канелоға" берді.

Өзгелердің жаңалығы