Головкин қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Головкин қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
351

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл туралы ол өзінің твиттер желісіндегі жеке аккаунтында жазды. 

Қазақстандық боксшылардың Сербияда өткен әлем чемпионатында сәтті нәтижеге қол жеткізгеніне қуаныштымын. Жігіттерді, жаттықтырушыларды және Кеңес Хамитұлы бастаған федерацияны лайықты нәтижемен құттықтаймын. Азия ойындарына дайындықтарыңызға сәттілік тілеймін. #AlgaKazakhstan, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз