GGG P4P рейтингінде "Канелодан" жоғары тұр

5 Қаңтар 2020, 10:07
7222
Бөлісу:
GGG P4P рейтингінде "Канелодан" жоғары тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Daily Mail журналисі Джефф Пауэлл салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) ең мықты боксшылар тізімін жасады. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

ТОП-10 рейтингте Геннадий Головкин украиналық Сергей Ломаченкодан кейін екінші тұр. Осылайша, қазақстандық боксшы ең басты қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жоғары қойылды - үшінші орын. 

Автордың ойынша, "Канеломен" екі жекпе-жектегі төрешілердің күмәнді бағалауы болмағанда, Головкин әлі де орта салмақ патшасы болар еді. 

Рейтингтегі бірінші орын 2020 жылдың аяғында тағы да анықталады, егер Альварес жеккөрінішін басып, Головкинмен трилогияны аяқтаса, - деп жазыпты ол. 

Daily Mail тұжырымынша P4P рейтингі толығымен мынадай:

1. Василий Ломаченко
2. Геннадий Головкин
3. Сауль Альварес
4. Наоя Иноуэ
5. Теренс Кроуфорд
6. Мэнни Пакьяо
7. Александр Усик
8. Эррол Спенс
9. Джош Тейлор
10. Тайсон Фьюри/Энтони Джошуа/Деонтей Уайлдер.

Өзгелердің жаңалығы