Головкин - Канело кездесуі «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына ұсынылды

2 Қаңтар 2023, 15:43
926
Бөлісу:
Головкин - Канело кездесуі «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына ұсынылды

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек енді, ол бірауыздан қабылданған шешіммен Канелоның жеңісімен аяқталды.

Сондай-ақ тізімге Джермелл Чарло - Брайан Кастаньо, Хуан Франсиско Эстрада - Роман Гонсалес, Эррол Спенс - Йорденис Угас, Себастьян Фундора - Эрик Любин, Кенширо Тераджи - Хирото Киогучидің жекпе-жектері кірді.  

Айта кетейік, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Өзгелердің жаңалығы