Головкин IBF титулын қорғайды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы&nbsp;<a href="https://prosports.kz/kz/ggg" target="_blank">Геннадий Головкин</a>&nbsp;Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекке шығуға келісім берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="http://prosports.kz/kz" target="_blank">Prosports.kz</a>. </p>

 2 Қараша 2019 2019, 01:44
2 Қараша 2019 2019, 01:44
1971

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекке шығуға келісім берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ESPN журналисі Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, екі боксшы жекпе-жек өткізу туралы өзара келісімге келген. Айқас келесі жылдың ақпан айының соңында немесе наурызда өтуі мүмкін.

Аталмыш кездесуде GGG өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.

Естеріңізге сала кетелік, 6 қазанда украиналық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген Головкин Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуге үмітті. Ал Альварес Геннадиймен шықпайтынын мәлімдеді. Дей тұрғанмен, DAZN стримингтік қызметі 13 қазанда қос боксшының арасында кездесудің өтетінін хабарлаған болатын.


 

Наверх