Головкин – Альварес. Адамдар тең нәтижені көргісі келмейді

28 Сәуір 2020, 19:00
1390
Бөлісу:
Головкин – Альварес. Адамдар тең нәтижені көргісі келмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокс әлеміне әйгілі жаттықтырушы Джоэль Диас қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші жекпе-жектің ерте ме, кеш пе өтуі керек екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бапкердің ойынша, үшінші кездесу дау-дамайға нүкте қою үшін керек.

Үшінші жекпе-жек өткізілуі керек. Неге? Талас-тартысты шешу үшін. Әркімнің өз пікірі бар, әрине, жанкүйерлер тағы бір жекпе-жекті көргісі келеді. Мүмкін үшінші жекпе-жекте бір боксшы сенімді жеңіске жететін шығар. Бұл адамдар көргісі келетін нәрсе. Адамдар тең дәрежедегі жекпе-жекті көргісі келмейді, тең нәтижені де көруге ниетті емес. Жанкүйерлер қос боксшының бірі сенімді жеңіске жеткенін қалайды деп ойлаймын. Менің ойымша, бокс жанкүйерлері үшінші жекпе-жекте айқын жеңісті көруге лайықты. Бұл дау-дамайды шешудің ең жақсы тәсілі, - дейді Диас.
Бұған дейін Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес Альвареспен үшінші жекпе-жек өтсе, қазақстандыққа тиімсіз болатынын айтқан еді. 

Айта кетейік, "Канело" мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтетіні айтылып жүр.

Өзгелердің жаңалығы