Головкин-Альварес: жекпе-жек төрешілері белгілі болды 

27 Тамыз 2022, 16:25
2024
Бөлісу:
Головкин-Альварес: жекпе-жек төрешілері белгілі болды 

Төрешілер есімі белгілі. Головкин мен Альварес арасындағы үшінші айқастың қазылары тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап.

Рингте америкалық Рассел Мора қызмет етеді. Ал қапталдағы мамандар арасында бұған дейін қазақстандық және мексикалық боксшы кездесуінде баға берген төрешілер де бар. 

Мәселен, Дэйв Моретти екі кездесуде де жұмыс істеп, алғашқысында жеңісті Головкинге, кейінгісінде Альвареске берген еді. Ал Стив Вайсфельд қарымта кездесуде Канелоны жеңімпаз деп таныды.

Айта кетейік, қос мықты 18 қыкүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да жолығады. Алдағы жекп-жек кешінде орта салмақтағы WBA, WBC, WBO және IBF чемпиондық белбеулері сарапқа салынбақ. 

Бұған қоса, қос боксшы кемі 80 млн доллар көлемінде табыс табады. Тікелей трансляцияны DAZN стриминг сервисі ұйымдастырады. Бірақ Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ. 
 

Өзгелердің жаңалығы