Головкин басқа салмаққа ауысатынын мәлімдеді

12 Наурыз 2019, 09:55
2307
Бөлісу:
Головкин басқа салмаққа ауысатынын мәлімдеді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN баспасөз конференциясында басқа салмақта бокстасуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sports.kz жазады.

Спортшы үш жыл ішінде алты жекпе-жек өткізуге DAZN-мен келісімге қол қойды.

«Менің DAZN-ға үздік боксшылармен жекпе-жекке шығып, қызықты бокс өткізу үшін келгенімді білесіздер. Егер сіздерде ойланарлықтай кездесу болып жатса, біз басқа салмақпен бокстасуға дайынбыз», - деді Головкин.

Головкиннің DAZN-дағы дебюті маусымда болады. Дәл қазір нақты мерзімі белгілі емес, бірақ келесі қарсыласы мен жекпе-жегінің нақты деректері жақын арада белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы