Голландиялық дизайнер гүл өсіп шығатын маска ойлап тапты

14 Наурыз 2021, 19:01
1597
Бөлісу:
Голландиялық дизайнер гүл өсіп шығатын маска ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дизайнердің айтуынша, масканы қолданып болғаннан кейін оны сулап, топыраққа көму жеткілікті.

Желіде Marie Bee Bloom есімімен танымал голландиялық дизайнер Марианна до Гроот өздігінен ыдырайтын қорғаныс маскасын ойлап тапты. 

 FastCompany хабарлауынша, бұл қарапайым маска емес. Ол гүл ұрығын өсіп-өнуіне септесетін құты іспеттес етіп жасалған.

Маскаға арналған материалды жасау үшін күріш, су және табиғи крахмал пайдаланылды, - делінген мақалада. 


Марианнаның айтуынша, өздігінен ыдырайтын маска қабаттарының арасына ол гүл ұрықтарын салып жіберген. Мұндай масканың құны - 3,5 доллар (ред. - 1500 теңге).

Осындай масканы алған адам гүл ұрықтарын сатып алуға бармай-ақ, өз балконында, бақшасында немесе үйінде гүл өсіре алады, - деді экологиялық маска авторы.

Алайда дәрігерлер ел тұрғындарына ескерту жасап, күріштен жасалған қағаз жеке қорғаныш құралы ретінде қолданылмайтынын, ол тиісті сараптамадан өтпегенін, коронавирустан қорғануда тиімділігі расталмағанын алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы