Ғиният Жамбыл облысының бірқатар аудандық ауруханасында болды

24 Маусым 2022, 09:20
1299
Бөлісу:
Ғиният Жамбыл облысының бірқатар аудандық ауруханасында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысына жұмыс сапарының бірінші күнінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Жамбыл облысының бірқатар ауылдық денсаулық сақтау нысанын аралады.

Ол Қаратау қаласындағы Талас аудандық ауруханасының амбулаториялық – емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін жұмысымен танысты.

Ғиният Жамбыл облысының бірқатар аудандық ауруханасында болды

Ғиният дәрігерге дейінгі кабинетті, отбасын жоспарлау кабинетін, ресурстық кабинетті, баланы дамыту кабинетін, халықты шұғыл көмек көрсетуге оқыту бойынша тренингтік кабинетті, дәріхананы, скрининг кабинетін және жастар орталығын қамтитын үздік практикалар орталығының ашылуына қатысты.

Министр аурулардың алдын алуға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. 

Сондай-ақ, ол Жамбыл ауданының орталық ауруханасында болды, оның құрамында ЖПД 45 учаскесі бар отбасылық денсаулық орталығы, әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, "Сенім" жастар денсаулық орталығы, 61 төсектік күндізгі стационар, амбулаториялық хирургия орталығы, шұғыл көмек бөлімшесі, тәулік бойғы стационар, сондай-ақ реанимация бөлімшесі бар. Аурухана 74 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Сапар барысында А.Ғиният үздік тәжірибелер орталығының жұмысымен танысты. 

Ғиният Жамбыл облысының бірқатар аудандық ауруханасында болды

Министрге отбасылық дәрігер, психолог кабинеті, патронаждық медбикелер, "Татуласу" кеңсесі, ана мен бала және әлеуметтік қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы туралы хабарланды. Сонымен қатар, ҚР ДСМ басшысы Меркі аудандық ауруханасында болып, аурухананың қарқынды терапия, скринингтер бойынша Медициналық қызмет көрсету жұмысымен танысты. 

Министр СӨС насихаттау, Жастар орталығының жұмысы, ауруларды басқару бағдарламаларын енгізу бөлігіндегі қызметі туралы хабардар етті. 

Айта кетер жайт, әр ауруханада Денсаулық сақтау министрі халықпен және медициналық қауымдастықпен кездесу өткізді. Олардың барысында тұрғындар жедел медициналық көмек қызметін орталықсыздандыру, арнайы мамандардың қабылдауына жазылу, қоғамдық денсаулық сақтау бейіні бойынша дәрігерлерді даярлау және қайта даярлау, гериатриялық қызметті енгізуге қатысты проблемалық мәселелерді айтты. 

Ғиният Жамбыл облысының бірқатар аудандық ауруханасында болды

Медицина қызметкерлері уролог-фельдшерлерді даярлау және қайта даярлау, кадрларды оқыту және даярлау, медициналық жабдықтар мен автокөлікті жаңарту, сондай-ақ диетолог-дәрігер мамандығының номенклатурасын енгізу бойынша мәселелерді көтерді.

Министр кездесуге қатысушыларды МСАК қызметін күшейту, ауылдық медицинаны дамыту, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне міндетті төлемдер енгізудің өзгеруі, жылжымалы медициналық кешендерді енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. 

А.Ғиният халықты медициналық қызметтермен қамтуды ұлғайту үшін мобильді бригадаларды, дистанциялық медицинаны, амбулаториялық хирургияны және оңалтуды енгізу жалғастырылатынын айтты. 

Сондай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,5 есе ұлғайтылады, бұл ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулық сақтауға жеке шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді. Дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейту және қайта қарау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Ол дамымаған және жіті назар аударуды қажет ететін патронаттық қызметтің дамуына бөлек тоқталды. 

Ғиният Жамбыл облысының бірқатар аудандық ауруханасында болды

Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық қызметтің медициналық тәжірибесінде баланың денсаулығы мен дамуы үшін қауіптердің алдын алу және анықтау үшін патронаждық жұмыс әдісі қолданылуда. Жамбыл облысында патронаждық қызмет жүйесі жеткілікті дамымаған. Біз барлық қажетті қолдауды көрсетеміз – оқытуды, біліктілікті арттыруды ұйымдастырамыз, үйлестіруші анықталады, ол үш айда бір рет патронаждық әдісті енгізудегі прогресс туралы есеп береді, - деп атап өтті министр. 

Ажар Ғиният ерте жастағы балалардың денсаулығын сақтау компоненттерінің бірі ретінде патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделінің халықаралық технологиясын қабылдау медициналық-санитарлық алғашқы көмектің тиімділігін жетілдіру және балалардың денсаулығын жақсарту үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
 

Өзгелердің жаңалығы