Ғиният Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесті

3 Қараша 2023, 10:56
509
Бөлісу:
Ғиният Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесті
PHOTO
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатқан ғимараттарды қоса алғанда, ауылдық елді мекендердегі және облыс орталығындағы медициналық объектілердің жұмысымен танысты, еп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство басшысы Маңғыстау ауданы Қосбұлақ ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияда болып, жаңа ғимаратта оңалту, физиотерапия кабинеттерін ашу, ауыл тұрғындарының арасында сұранысқа ие басқа да қызметтер көрсету мүмкіндігі туралы айтты.

Ғиният Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесті

Бұдан әрі Маңғыстау аудандық орталық ауруханасына барған кезде министр дәрігерлер мен мейіргерлердің алдында диспансерлік науқастарды сапалы бақылау, ауруларды уақтылы анықтау мәселелерін көтерді, жалпы алғанда, үнемі оқудан өтіп, жаңа білім алуға тиіс медперсоналдың біліктілігіне назар аударды.

Созылмалы, инфекциялық емес және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша статистиканы зерделей отырып, А. Ғиният онкологиялық аурулардың ерте сатысында салыстырмалы түрде төмен анықталуына наразылығын білдірді, сондай-ақ қалдық түріндегі препараттардың үлкен көлемі әлі де қоймаларда болған кезде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді дұрыс жоспарламау туралы ескертулер жасалды.

Ғиният Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесті

Келесі мәселелер республикалық трасса маңындағы ЖКО салдарынан жарақаттардың және қанайналым жүйесі ауруларының өсуіне қатысты болды. Министр аудандық аурухананың базасында инсульт орталығын ашу, травматолог-хирургтар тартылуы тиіс травматологиялық пункттің жұмысын қамтамасыз ету қажеттігі туралы айтты.

Ғиният Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесті

Сол жерде аудан орталығында министр халықпен және азаматтық белсенділермен кездесу өткізіп, ауыл тұрғындарының барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Тұрғындарды жөндеуді қажет ететін медициналық мекемелердің жағдайы және оны қандай қаражатқа жүргізуге болатындығы қызықтырды. Тағы бір мәселе республикалық клиникаларда балалардағы онкологиялық ауруларға медициналық көмек алатын азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүруге қатысты болды.

Ғиният Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесті

Кейбір өңірлерде мәслихаттар көлік шығыстарын өтеуден бас тартуына байланысты, министрдің айтуынша, азаматтардың өтініштері бойынша Министрлік "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне өзгерістер енгізуді қарастырады.

Өзгелердің жаңалығы