Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Афинада (Грекия) өтіп жатқан Aphrodite Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ерекешева жалпы есепте 109,700 ұпай жинады.
Екінші орынды Румыния спортшысы Андреа Вердес иеленді - 104,250 ұпай. Ал үздік үштікті Болгария өкілі Дара Стоянова түйіндеді - 103,450 ұпай.