Ғимараттарын тастап кеткен құқық қорғау органдарының басшыларына 9 қылмыстық іс қозғалды – Шалабаев

20 Маусым 2022, 15:46
1714
Бөлісу:
Ғимараттарын тастап кеткен құқық қорғау органдарының басшыларына 9 қылмыстық іс қозғалды – Шалабаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

5 қаңтарда Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттерінің, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимараттарын соның ішінде қызметтік атыс қарулармен бірге тастағаны белгілі.Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды, - деді ол. 

Шалабаев атап өткендей, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау-бұл прокуратура органының жұмысындағы сөзсіз басымдықтардың бірі. 

Күдіктілерге қандай да бір қысым қолдануды  болдырмау үшін прокурорлар күн сайын тергеу изоляторлары мен басқа да қызметтік үй-жайларды тексереді. Қазіргі уақытта соттың санкциясымен қаңтар оқиғаларына қатысы бар 514 күдікті қамауда. Қамауға алынған әрбір адам бойынша олардың ауыр қылмыстарға қатыстылығы және белсенді қатысуы туралы жеткілікті мәліметтер бар, - деді Серік Шалабаев. 

Өзгелердің жаңалығы