Герольд Бельгер артымнан ескерткіш қойса деп армандамаған адам – жазушының жары

19 Наурыз 2021, 12:46
2550
Бөлісу:
Герольд Бельгер артымнан ескерткіш қойса деп армандамаған адам – жазушының жары
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жазушының жары Раиса Хисматуллина Герольд Бельгерге қойылған ескерткіштің салтанатты ашылуында айтты. 

Оның айтуынша, жазушы өзіне ескерткіш, мемориалды тақта салдыруда армандамаған, өте қарапайым адам болған.

Герольд Бельгер 1954 жылдары еліміздің солтүстігінен шуақты Алматыға көшіп келді. Ол бұл қаланы жанындай жақсы көрді және осында өзін бақытты сезінді. Осы осы аллеяда серуендеп, көп тынығатын. Міне, бүгін оның жүрген жеріне ескерткіш қойылып отыр. Осында керемет ескерткішті бізге сыйлаған мүсінші Нұрлан Далбайға алғыс білдіремін. Бұл мүсіншіні таныстырудың қажеті жоқ, ол Тәуелсіздік монументінен бастап көптеген атақты ескерткіштерді жасаған адам. Оның жұмыстарының бәрі шедевр,-дейді Р. Хисматуллина. 

бельгер2.jpeg

Сонымен қатар ол бұл ескерткішті тұрғызуға көп тер төккен кионорежиссер Ермек Тұрсыновқа да алғыс айтты.

Герольд Бельгер әрдайым Ермек Тұрсыновты құрметтеп, оны шынайы жақсы көрді. Ермек осы ескерткішті жасау үшін бес жыл ішінде көптеген есіктің табалдырығын тоздырды. Ол өз идеясы бойынша осы ескерткішті жасауды қалады. Ермек Герольдті әкесіндей көрді, оның көзі кеткеннен бері ол көп іс тындырды, ондайды тіптен туған ұлы да істей алмас еді,-деді жазушының жары. 

Сонымен қатар ол Алматы әкімдігіне және ескерткішті жасауға демеушілік көрсеткен кәсіпкер Нұрлан Смағұловқа да алғыс айтты.

бельгер.jpeg

Кинорежиссер, жазушы Ермек Тұрсынов бүгін үлкен бір араманы орындалғанын айтады.

Гер аға осыдан алты жыл бұрын бізбен қоштасып кеткен еді. Содан бері армандап жүрген бір ойым бүгін орындалып отыр. Ол кісі кетер алдында «менің қолжазбаларымның барлығын кітап етіп шығарып бересің» деп аманаттаған. Бірақ ескерткіш туралы ешқандай әңгіме болған жоқ. Бұл менің өз ойымнан шыққан нәрсе. Ол кісі мұндайды жақтырмаушы еді, кішіпейіл, қарапайым адам болды ғой. Бұл ескерткіш ол кісіге емес, бізге керек деп ойлаймын. Сондықтан Гер ағам қайтадан елге оралды,-дейді Тұрсынов.
бельгер5.jpeg

Жамбыл және Ш. Уәлиханов көшелері қиылысындағы аллеяда бой көтерген ескерткіш қола, граниттен тұрғызылған. Биіктігі 2,65 метр.  Ескерткіштің авторы Нұрлан Далбай.

бельгер1.jpeg



Өзгелердің жаңалығы