Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Ханау қаласында (Франкфурт-на-Майнеден 20 шақырым жерде орналасқан) белгісіз адам сегіз адамды өлтіріп, бес адамды ауыр жарақаттаған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Полиция сегіз адамның қаза тапқанын растап отыр.Полиция күдіктіні іздестіруде. Атыстың не себепті шыққаны туралы мәлімет жоқ, - деді полицияда.
Hanauer Anzeiger газетінің ақпараты бойынша, қылмыскер кальян барына содан кейін букмекерлік конторасына барып оқ атқан.
Темекі шегетін залға кіру үшін қылмыскер бірінші қоңырау шалған. Ішіне енген соң, оқ жаудырған. Қаза болғандардың арасында жастар көп, ішінде бір әйел бар. Хоймаркт бойындағы дүңгіршектің жанында тағы үш адамды атып кетті. Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жараланған 5 адамның жағдайы ауыр, - деп жазады басылым.
Кейінннен белгілі болғандай, қылмыскер үйінде өлі табылған. Оның жанында тағы бір адамның денесі табылды.