Германияда Қазақстанның бұрынғы судьясы жоғалып кетті: Іс қалай жүргізіліп жатыр

17 Маусым 2024, 16:01
366
Бөлісу:
Германияда Қазақстанның бұрынғы судьясы жоғалып кетті: Іс қалай жүргізіліп жатыр
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Сыртқы істер министрлігінің апта сайынғы брифингінде ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда жоғалып кеткен экс-судьяға қатысты іздеу жұмыстары жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Германияда жоғалып кеткен азаматтың жақындары қазір Германияда. Министрлік оларға виза алуға көмектесті, - деді ресми өкіл брифингте.

Оның сөзінше, дипломаттар тергеу жұмыстарына араласа алмайды. Істің мән-жайын тек жергілікті полиция біледі және бар ақпаратты жоғалған азаматтың жақындарына айтады.

Сөзінше, азаматтың шешесі мен ағасы қазір Германия. СІМ полициямен және жақындарымен тығыз жұмыс істеп жатыр.

Жақын арада табылып қалады деп күтеміз. Әзірше бар ресми ақпарат осы, - деп айтты Смадияров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматы Қанат Сайлыбаев Германияда әпкесі Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Айгүл Сайлыбаева - Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы және “Болашақ” бағдарламасының түлегі. Сонымен бірге, ағасының айтуынша, Айгүл ұзақ уақыт бойы күйеуі мен енесінен зорлық-зомбылық көрген.

Өзгелердің жаңалығы